28-шағынауданда салынған жаңа мектеп Шевченко қалалық халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің 1989 жылғы 5 маусымдағы №351 шешімімен қазақ-орыс тілінде оқытылатын №20 жалпы білім беру орта мектебі болып ашылды. Сөйтіп, алғашқы оқу жылын 1275 қазақ тілді, 1384 орыс тілді оқушы болып бастады. Ұжым құрамы 121 мұғалімді қамтыды. АҚББ 12.06.1989 жылы №1 бұйрығы бойынша мектеп директоры болып Б.Р.Ихсанов тағайындалды. 1992 жылдан бастап мектепте оқыту тек қазақ тілінде жүргізілетін болды

1989-1990, 1990-1991 оқу жылдарында мектеп әкімшілігі жаңа ұжымның құрамы мен іскерлік қабілеттерін терең зерттеп, өндірістік жоспардың жұмыс стилінің бағыттарын анықтап алды. Бағыттың негізгі мақсаты жаңа мектеп оқушыларының қай пәннен білім деңгейі төмен Зерттеу нәтижесінде бұл бағыттар да анықталды. Жаңа талаптарға бастатқан басты бағыттар былайша сатыланды:

  • теңдестіру жұмысын жүргізуге даярлық жасау;

  • әр мұғалімнің алдына қойған проблемасының болуы;

  • шығармашылықпен жұмыс жасауға қабілеті бар озат мұғалімдерді анықтау;

  • озат тәжірибелі мұғалімдердің қалалық, облыстық іс-шараларға қатысуға деген ынталарын ояту, іздеу бағыттарындағы талаптарын арттыру;

  • озық тәжірибені насихаттау екендігін анықтау және мұғалімдердің кәсіби шеберлігін білу болды.

1992-1993 оқу жылынан бастап, тереңдетіп оқыту жүйесі ұйымдастырылды: қазақ, орыс тілдері және математика пәндері тереңдетіліп, бастауыш сыныптардан бастап ағылшын тілі мен информатика пәнін оқыту енгізілді. Облыстық «Дарын» бағдарламасын басшылыққа алып, дарынды балалар іріктеліп, жеке оқыту топтары құрылды.

Мұғалімдердің қалалық, облыстық деңгейдегі педоқуларға, идеялық аукциондарға, «Жыл мұғалімі» конкурстарына қатысуларына жағдай жасалды. Білікті, озат мұғалімдерді насихаттаумен қатар, жас мұғалімдер арасында көрінген таланттарды көтермелеу жүзеге асырылды

Соңғы жаңалықтар

Алтын қазына

"Алтын қазына" көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме байқауының " ...

25 сәуір 2019
Кәсіпкер боламын!

"Кәсіпкер боламын!" жобасы негізінде ұйымдастырылған "Үздіктердің үздігі" атты өткізілген чепиона ...

25 сәуір 2019
Денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін мектептер

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің "Денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін мектептер" жобасын ...

24 сәуір 2019
With seа 07 жобасы

Мектебіміздің 9 сынып оқушысы Бекмухамбетова Ақтоты  "Саspian Start-Up 2019" облыстық стартаптар байқауына ...

20 сәуір 2019
Сәйкестендіру тақтасы

Мектебіміздің 9 сынып оқушысы Қойшығара Бекзат "Саspian Start-Up 2019" облыстық стартаптар байқауына " Сәйк ...

20 сәуір 2019